Жыныс ауыстыру, біржынысты некеге қарсы заң керек – Бекболат Тілеухан
Жыныс ауыстыру, біржынысты некеге қарсы заң керек – Бекболат Тілеухан
606
оқылды

Сондай-ақ депутат қоғамдағы отбасы құндылығы, ұлттық тәлім-тәрбие туралы мәселені қозғады.

Бұған дейін Қазақстанда жынысын өзгерткісі келетіндер үшін 2003 жылы рұқсат берілгенін жазған болатынбыз. Былтыр қабылданған жаңа ереже онсыз да бар бұйрыққа толықтыру енгізген. Әділет ми­нистр­лігінің ақпараты бойынша, елімізде 2009-2017 жылдар ара­лығында 25 адам, 2017-2019 жыл­дары 10 адам жынысын ауыстыр­ған.   https://youtu.be/vzByKZRrnvc

Видео: Qazaqstan ұлттық телеарнасының Facebook-тағы парақшасынан алынды.

Көбіне жынысын ауыстырғандардың нақты дерегі жайлы Денсаулық сақтау ми­нистрлігі хабарсыз. Себебі операция шетелде немесе жекеменшік клиникаларда өтуі мүмкін. Ал олар ведомствоға есеп бермейді.

Тек Алматыдағы Б.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында жасалған оталардың дерегі министрлікке жетеді.

Бұған дейін "Жыныс ауыстыруға тыйым салынады – ҚМДБ", "Жылына қанша адам жынысын ауыстырып, жаңа куәлік алады?" деп жазған болатынбыз.