Депутат 13 жылдан бері үйінің құжаттарын заңдастыра алмай жүрген тұрғынға көмектесті
Депутат 13 жылдан бері үйінің құжаттарын заңдастыра алмай жүрген тұрғынға көмектесті
226
оқылды

Солардың бірі – Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылының тұрғыны Шолпан Арапова. Бұл туралы Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Жуырда Nur Otan партиясының Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде кезекті қабылдау өтті. Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Нұран Марат тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдарын тыңдады.

Солардың арасында Шолпан Арапова да бар еді. Ол  2000 жылы сатып алынған үйінің құжаттарын 2008 жылдан бері заңдастыра алмаған. Жүгінген мекемелерінен дұрыс жауап ала алмай, әуре-сарсаңға түскен. Сонымен қатар  үйдің арестке қойылғандығы да қоғамдық қабылдау күні анықталды.

Нәтижесінде, депутаттың өз құзыреті шеңберінде жауапты мекемелермен байланыса отырып, істі бақылауға алуы арқылы Nur Otan партиясын арқа сүйеп келген ананың шағымы оң шешілді. Уайым болған үйінің құжаттары заңдастырылып берілді.

Шолпан Арапова Nur Otan партиясының аудандық филиалына арнайы келіп, партияға және депутатқа алғысын айтты.