«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры әйелдердің өндірістік міндеттерді шешуге қосқан үлесіне құрмет көрсете отырып, еншілес компаниялардың әйел қызметкерлері арасында кезекті «Көктем шуағы» конкурсын өткізді. Жеңімпаздардың бірі атанған «Интергаз Орталық Азия» АҚ инженері Гүлмира Ибрагимовадан байқауға қатысу неліктен маңызды екенін айтып беруді сұраған болатынбыз.
– Айтыңызшы, сіз неге өз еңбек жолыңызды өндірістік саламен байланыстырамын деп шештіңіз? – Мен өз мамандығымды өзім таңдадым және Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің жанындағы В.Горячкин атындағы Механика және энергетика институтына түстім, өйткені біздің отбасымызда инженер-электрші мамандығы – дәстүрдің бір түрі. Қазір жастар арасында қандай да бір себептермен өндіріс әйелдің ісі емес деп санайды, бірақ бұрын осы тақырыпта және әйелдердің өндіріске белсенді қатысуы туралы фильмдер түсіріліп, құпталатын. Бүгінде мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» МГҚБ филиалының электрхимқорғау (ЭХҚ) жөніндегі жетекші инженерімін және тікелей міндетім – магистральдық газ құбырларын жерасты коррозиясынан тиімді қорғауды ұйымдастыру. Ұзақ уақыт бойы бұл дәстүрлі ерлер мамандығы болды, бірақ қазіргі әлемде әйелдер әртүрлі салада, соның ішінде бұрын тек ер адамдар айналысқан салаларда да жұмыс істей алады. – «Көктем шуағы» байқауы тек әйел қызметкерлер арасында ғана өткізіледі емес пе? – Иә, дұрыс айтасыз. білесіз бе, мен үшін бұл байқау әрқашан белгілі бір қызығушылық тудыратын, өйткені ұйымдастырушылар өздерінің басты мақсаты ретінде жариялаған міндеттер менің жеке ұстанымыма сәйкес келеді. Менің айтайын дегенім, біздің елімізде өндірістік мамандықтар әлі де жеткілікті түрде танымал емес, сонымен қатар әйелдер арасында да. Менің ойымша, олар әртүрлі компанияда одан да үлкен рөл атқара алар еді, бұл үшін жеке мотивация қажет. Өйткені әр маман өз күшіне сенімді болуы және өз міндеттерін тиімді орындауы үшін өсіп, кәсіби деңгейін көтергісі келеді. Бұл тұрғыдан алғанда, байқауларға қатысу және жоғары деңгейде маңызды және техникалық күрделі жұмысты істей алатыныңды түсіну, әрине әйелдер үшін өте маңызды. – Ал сіз байқаудың өзін қалай бағалайсыз? сізге қиын болды ма? – Басында мен бәсекелестік соншалықты жоғары болады деп ойламадым, бірақ бұл нағыз сайыс болды. «Самұрық-Қазына» холдингінде 300 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 28%-ы – әйелдер, яғни 83 мыңнан астам адам. Ұйымдастырушылар өздерінің бағалау жүйесін қолдана отырып, 55 қызметкерді таңдады, оның ішінде мен де болдым. Барлық қатысушы өте дарынды және өз ісінің мамандары деп айта аламын. Әрине, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істесем де, өз жұмысымның кез келген учаскесі үшін сенімді түрде есеп бере алатын болсам да, мен аздап қобалжыдым. Дәл осы тәжірибем маған сауалнама кезінде көмектесті, оның барысында ең көп балл жинаған 36 қатысушы анықталды. Соңғы кезең – онлайн дауыс беру, менің оған еш қатысым болмады, бірақ менің күш-жігерім назардан тыс қалмады және маған дауыс берді. – Ал әріптестеріңіз сіздің жеңісіңізге қалай қарады? – Өте жағымды. Барлығы өте қуанышты болды, көбі маған қоңырау шалды. сол күні мен әріптестерімнен көптеген құттықтау алдым. Біздің ИОА-да бұл тұрғыда ұжым өте тату, ал бұл – аса маңызды, өйткені жұмыс орнындағы жайлы атмосферада ыңғайлы жағдайда тиімді және өнімді жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Мен осындай ұжымның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын және мақтанамын. Мұнда әркім өзін маман, тұлға ретінде толық көлемде жүзеге асыра алуы үшін барлық жағдай жасалған. Компания жайлы әрі қауіпсіз жұмыс орындарын ұйымдастырды, өндірісті жаңғыртуға, заманауи технологиялар мен бағдарламаларды сатып алуға елеулі инвестициялар салуда. Таланттарды басқару құзыреттілікті дамыту және оқыту, сондай-ақ қызметкерлерді тарту және ынталандыру мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Бір сөзбен айтқанда, біз басшылықтың қамқорлығы мен назарын сезінеміз әрі өз тарапымыздан жемісті жұмыс пен өз функционалдық міндеттерімізді кәсіби орындауға тырысамыз. – Әртүрлі өндірістік компанияның әйел қызметкерлеріне, сондай-ақ өз кәсібін енді таңдайтын қыздарға қандай кеңес бере аласыз? – Өз кәсібін енді ғана таңдайтындарға мен батыл болуға, қызметтің жаңа салаларын меңгеруден қорықпауға кеңес берер едім, Қазақстанда әйелдер ерлермен тең дәрежеде жұмыс істей алады. Бұл жерде, әрине әр адамның өз бейімділігіне байланысты және біздің елде техникалық ойлау қабілеті жоғары белсенді қыздар көп деп айта аламын. Жалпы алғанда, әйелдер үшін, әсіресе өндірістік салада біршама жігерлі болу маңызды деп ойлаймын, өйткені біздің қызметкерлеріміздің, оның ішінде әртүрлі байқау кезінде көрсететін әлеуеті өте зор. Сонымен қатар біздің компания «Интергаз Орталық Азия» АҚ табиғи газды тасымалдаумен айналысатынын ескере отырып, біздің өндіруші әйелдер үшін «отбасының ұйытқысы» деген ұғым жаңа мағынаға ие болады. Өйткені әрбір қазақстандықтың үйіне газ кіріп, оларды жылытады, сондай-ақ тағамды ыңғайлы дайындауға мүмкіндік береді. Біз бұл жұмысқа бүкіл ел ауқымында үлес қосудамыз, бұл – біз үшін өте маңызды. – Әңгімеңізге рақмет!Серік ӘЛІМЖАН