Тайваньда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 36 адам қаза тапты
Тайваньда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 36 адам қаза тапты
183
оқылды

Reuters агенттігінің мәліметінше, Тайбэй-Тайтунг бағыты бойынша бара жатқан жүрдек пойыз Хуалянь уезінің солтүстігінде рельстен шығып кеткен. Пойыз көбінесе туристерді тасыған, – деп жазады inform.kz.

Пойызда шамамен 350-ге жуық адам болған. Алдыңғы төрт вагондағы 80-100 жолаушы құтқарылды. Басқа вагондарға жету қиын. Себебі, пойыздың алдыңғы бөлігі туннельдегі жолда қалған. Құтқару жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр.