2021 жылғы 30 наурызда Қазақстан машина жасаушылар Одағының жалпы жиналысы өтті. Одақ Басқармасының Төрағасы - Мейрам Пішембаев өзінің кіріспе сөзінде отандық машина жасау саласы қазіргі уақытта қарқынды дамуын жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, саладағы өндірістің тұрақты көлемін қолдау мақсатында Үкімет бизнес-қоғамдастық әзірлеген мынадай қолдау шараларын қабылдады:
- машина жасау саласындағы кәсіпорындарға еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру;
- несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
- квазимемлекеттік секторды сатып алуда өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарымен оффтейк келісімшарттар жасасу мүмкіндігі;
- арнайы және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға арналған қаражаттың төмендеуіне жол бермеу;
- бизнес ахуалды жақсарту және жаңа жобаларды құру мәселелері бойынша ҚР Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне заңнамалық деңгейде толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.