Нұр-Сұлтанда «Шапағат» базарынан өрт шықты

Нұр-Сұлтанда «Шапағат» базарынан өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шапағат» базарында өрт шығып, Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті сөндіруде.

«Бүгін 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр 69 мекенжайы, Шапағат базарына шақыртуға аттанды. Бара салысымен шатырдың және сыртқы жабынды қабаттың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі сәтте өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,– делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқиға орнында шұғыл өрт сөндіру штабы құрылған. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД құрамының 8 техникасы мен 32 маман өртті сөндіріп жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=yYDWMHuQRzc