Арыс ауданының тұрғыны полицияға арызданды. Бұл туралы otyrar.kz жазды.
Әйелдің айтуынша, бұрынғы келіні несиені баласымен ажыраспай тұрып алған. Тамыз айында алынған 50 мың теңгенің үстемақысы бүгінде бірнеше есе көбейген.Оқиғаға қатысты тергеу басталды.Тергеу кезінде келін өзінің қарызын жабу үшін осылай кредит алған. Ол енесінің ұялы телефоны арқылы несие рәсімдеген. Кейін өз несиесін жауып, қалған қаржыны керегіне жаратқан.