Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты 
Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты 
172
оқылды

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Өтеген батыр ауылында болған.

«Жол апаты 5 сәуір күні түнде Алматы облысы Өтеген батыр ауылына кіреберіс жолда болды. Жылдамдықты шектен тыс асырған RX300 жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Volkswagen Golf көлігін соқты. Lexus көлігі онымен тоқтамай, қарсы бағыттағы жолда келе жатқан Pontiac Vibe, Audi 100 көліктерімен бетпе-бет соқтығысты. Қатты соққыдан Audi көлігі аударылып қалды. Одан кейін Lexus көлігі Hyundai Accent көлігін соғып, аударылған», – дейді полицейлер.

Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Audi көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында, Hyundai жүргізушісі ауруханада көз жұмды. Lexus жүргізушісі мен оның екі жолаушысы Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.