Жылқыны қаққан көліктегі үш адам көз жұмды
Жылқыны қаққан көліктегі үш адам көз жұмды
131
оқылды

Полиция департаментінің хабарлауынша, Самара – Шымкент тас жолында шымкенттік тұрғын «Tоyota Camry 50» маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкентке қарай келе жатып, сол жақтан жолға шыққан жылқыны қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыпты және біреуі жасөспірім, олардың немересі. Көлік жүргізушісі Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Ол қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеубаласы.

Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.