Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.
«ҰБТ-ны өткізу процесін цифрландыру тест тапсыратындар үшін ыңғайлы. ҰБТ бұрынғыдай 10 күннің ішінде ғана емес, енді үш ай бойы ҰБТ электронды форматта өтетін болады. Ең тиімдісі, оқуға түсушінің өзі қай күнге, қай уақытта және қай жерде өткізуді таңдай алады. Тіркелгеннен кейін, тестілеу электронды форматта өтеді», – деді Әділет Тойбаев.