Алматы облысында Toyota жедел жәрдем көлігімен соқтығысты
Алматы облысында Toyota жедел жәрдем көлігімен соқтығысты
167
оқылды

Алматы облысында Toyota көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соғылған. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 5 сәуірде сағат 22.30 шамасында Қарасай ауданындағы Алматы-Бішкек тасжолында болғанын хабарлады.

«Тоyоtа Corolla маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолымен шығыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамай JAC SUNRAY автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан JAC SUNRAY автокөлігінің 21 жастағы жолаушысы жақын маңдағы Қаскелең ауруханасына жеткізілді», – деді полицейлер.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.