Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы қарқынды өсіп жатыр
Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы қарқынды өсіп жатыр
211
оқылды

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қарқынды өсіп жатыр. LS агенттігінің хабарлауынша, бір ай ішінде қайталама нарықтағы тұрғын үйдің бағасы биыл наурызда 2%-ға, бір шаршы метрі үшін 257,3 мың теңгеге дейін өсті. Жаңа пәтер құны 0,5%-ға, 324,5 мың теңгеге дейін қымбаттады. Пәтер жалдау ақысы 0,6%- ға, бір шаршы метр үшін 1,7 мың теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар, 2020 жылғы желтоқсаннан бастап қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік 10,4%–ға, ал 2020 жылғы наурыздан бастап 22,2%-ға қымбаттады. Жаңа тұрғын үй бағасы желтоқсанмен салыстырғанда 4,7%-ға және наурыз айымен салыстырғанда 8,4% - ға өсті. Ал жалдау желтоқсанмен салыстырғанда 5,1% - ға және наурыз айымен салыстырғанда 10,3% - ға қымбаттады. Еске сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы ақшасына тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне байланысты жылжымайтын мүлік құны күрт өсті. LS агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда кей өңірлерде жалға берілетін тұрғын үй 41%-ға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл қаңтарда Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 319,2 мың теңге болды. Бұл 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 3%-ға, өткен жылғы қаңтардағыға қарағанда 7,3%-ға көп. Өскеменде ең көп өсім байқалады - бір айда 32,4%-ға өскен. Ал Оралда қайталама нарықтағы үй бағасы 32% қымбаттады. Қазақстандағы үш қалада жаңа тұрғын үй арзандады. 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда Атырауда 8,5%-ға, Ақтауда 3,8%-ға, Шымкентте 4,8%-ға арзандаған. Ал Нұр-Сұлтанда үйдің бір шаршы метрінің құны 400 мың теңгеден асты. Әзірге бұл - елдегі ең жоғары баға. Ерке сала кетейік, бұған дейін Aikyn.kz Қазақстанда тұрғын үй неге қымбаттап жатқанын және тұрғын үйдің бағасына әсер ететін негізгі факторлар туралы жазған еді.