Шамалғанда 57 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінен табылды
Шамалғанда 57 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінен табылды
187
оқылды

Оқиға 4 сәуірде болған. Шамалған станциясының 57 жастағы тұрғынының мәйіті өз үйінен жүрек тұсына пышақ сұғылған күйінде табылды, – деп жазады Sputnik Қазақстан.

«Тергеуде ер адамға 54 жастағы әйелінің пышақ сұққаны анықталды. Сонымен қатар ер адамның бұған дейін бірнеше рет әйелін ұрып-соққаны белгілі болды. Бұл жолы да ер адам мас күйінде қолына ас үй пышағын алып, әйелін оятқан. Оны ұрып, буындыра бастаған. Амалы қалмаған әйел пышақты жұлып алып, ер адамның кеуде тұсына сұққан», – деп жазды Facebook-те облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.

Күдікті оқиғаның ақ-қарасы анықталғанға дейін уақытша ұстау изоляторында болады.