Полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған жігітті аман алып қалды
Полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған жігітті аман алып қалды
183
оқылды
«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына елорда тұрғынынан Отырар көшесіндегі 13 қабатты үйдің шатырында бір адамның отырғаны және секірмекке әрекеттеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің полиция капитаны Еркебұлан Жанкебаев пен аға лейтенант Кенжебек Нұрғайсенов жіберілді» делінген хабарламада. Полицейлер оқиға орнына 5 минутта жетті. Полицейлерді байқаған жігіт жақындаса секіріп кететіндігін айтып, қоқан-лоққы жасаған. Жігіттің көңілін аулап, уақыт ұту үшін Кенжебек Нұрғайсенов оны әңгімеге тартқан.

Әңгімелесу барысында мас күйдегі 28 жастағы жігіттің бірге тұратын келіншекпен ренжісіп қалғаны анықталған. Полицейлер жігітті райынан қайтарып, төменге аман-есен түсірді.