Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды
Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды
326
оқылды

Ғанибек Қонысбекұлы Қазантаев  1960 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кеніштерін игеру» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш аудандық 9-жылжымалы механизацияланған колоннаның мастері ретінде бастаған. 1983-1992 жылдары Қызылорда облысындағы құрылыс ұйымдарында мастер, аға жұмыс өндіруші, өндіріс-техникалық бөлімінің бастығы, 3-ауданаралық мамандандырылған жылжымалы механизацияланған колоннаның бас инженері. 1992-2013 жылдары «Нефтегазстрой Кызылорда» корпорациясының президенті, «Ай-Дан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, «ССК «Ақмешіт» акционерлік қоғамының президенті, «Ай-Дан Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, «Сырдариямұнай» акционерлік қоғамының бас директоры, «Транснефтьсервис» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Kazpetrol Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры. 2013-2019 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарған. 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Ғ.Қазантаев 2000 жылы облыс әкімінің, 2002 жылы облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, 2005 жылы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік төсбелгісі мен «Құрмет» орденінің иегері.