Тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынған – видео

Тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынған – видео

Белгісіз адам полицияға қоңырау шалып, Оралдағы "Қоржын" мейрамханасында той өтіп жатқанын айтқан. Полицейлер мейрамхана жертөлесінен 20-ға жуық қонақты тапты, – деп жазады өңірлік "Мой город" басылымы.

"Бүгін сағат 12:00-ден кейін мониторинг тобы "Қоржын" мейрамханасына барды. Облыста көпшілік шараларға тыйым салынғанына қарамастан ол жерде той өткізілгенін анықтады. Бәрі фото және видеоға түсірілді", – деді мониторинг тобының жетекшісі Мирхан Бердіғалиев. https://www.youtube.com/watch?v=64sNTKyT-Ms&ab_channel=%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%9C%D0%BE%D0%B9%D0%93%D0%9E%D0%A0%D0%9E%D0%94www.mgorod.kz
Облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 10 сәуір күні күндіз белгісіз біреу қоңырау шалып, "Қоржын" мейрамханасында той өтіп жатқанын хабарлаған.
"Біздің қызметкерлер бірден мейрамхана қожайындарына хабарласып, қазір келетінін ескертті. Полицейлер келген кезде залда ешкім болмаған. Сосын олар жертөлеге түсіп, сол жерден 20-ға жуық адамды тапты. Қалғандары қашып үлгерген секілді", – деді ол. https://www.youtube.com/watch?v=dvD-uLpCKYk&t=60s&ab_channel=%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%9C%D0%BE%D0%B9%D0%93%D0%9E%D0%A0%D0%9E%D0%94www.mgorod.kz
Той қонақтарының үстінен хаттама толтырылды.