Биыл докторантураға түсу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді?
Биыл докторантураға түсу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді?
481
оқылды

Үміткерлер эссені компьютерде жазады. Докторантурада оқуға дайындығын растау үшін тест тапсырады. Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналында хабарлады.

«Биыл докторантураға түсу ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтарының базасында дербес компьютер арқылы электронды форматта өтеді. Былтыр бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде қолданылған болатын. Бұл – қабылдау емтихандары тек тестілеу форматында өтеді деген сөз емес. Болашақ докторанттар ЖОО-лар бекіткен тақырыптар бойынша эссе жазады. Қабылдау емтиханының қорытынды бағасы эссе, докторантурада оқуға дайындық тесті және бейінді емтихан бағаларының жиынтығы болып сналады», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады, сондай-ақ білім беру бағдарламаларына түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді. Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.