Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды
Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды
154
оқылды

Биыл ақпан-сәуір айлары аралығында 17 автокөлікті жалға алған адамның көліктерден 30 дана катализаторды заңсыз жымқырып жүргеніне шағымданған. Соның салдарынан 15 000 000 теңге шығын келгенін жазып көрсеткен. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу басталды.

Бұған дейін Шымкент қаласында 90 жерге есірткі жасырып, сатып жүргендердің ұсталғанын жазған болатынбыз.