Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков оқиға Бөкей ордасы ауданында болғанын айтты. Жедел іздестіру нәтижесінде, Сайқын-Бисен жолының 26-шақырымында 1994 жылғы екі және 1982 жылғы ер адам қолға түсті.
[caption id="attachment_127572" align="aligncenter" width="800"] Фото: ПД-нен алынды[/caption] Олар отырған «ВАЗ-21214» автокөлігінен 8 қапшыққа салынған 805 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. [caption id="attachment_127570" align="aligncenter" width="800"] Фото: ПД-нен алынды[/caption] Браконьерлердің сыбайластары, мүйізді өткізетін орындары анықталып жатыр.«Мүйіздердің құны шамамен 2 млрд. теңге болады. Бұл соңғы жылдары браконьерлерден тәркіленген ең ірі партия болып есептеледі. Былтыр киік саудасы бойынша 61 дерек тіркеліп, соның 30-ы сотқа дейін жетті. Биыл 17 деректің 8-і сотқа жолданды. Қалған деректер бойынша тергеу амалдары жалғасуда», – деді Белгібеков.