«Кабар» агенттігінің хабарлауынша, жергілікті кенеш сайлауына 1 млн. 24 мың 891 адам дауыс берген. Бұл шамамен тұрғындардың 30,89%. Референдумға 1 млн. 61 мың 591 адам қатысқан. Яғни, халықтың 29,89%-ы дауыс берген.
«Қазақпараттың» жазуынша, Қырғызстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға 36,75% адам қатысқаны туралы ресми мәлімет жарияланды.
Бұл туралы Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова айтты.
«Референдумға қатысқандардың 79,25%-ы жаңа Конституция жобасын қолдап дауыс берсе, 13,69%-ы қарсы болды», – деді Нұржан Шайлдабекова.
Жаңа Конституция президенттік басқаруды нығайту және депутаттар санын 120-дан 90-ға дейін қысқартуды көздейді.
Бұған дейін біз Қырғыз президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапары кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мен – қазақпын…» деп өлең оқып бергені туралы жазған болатынбыз.