Алматы облысындағы ауданға блок-бекет қойылды

Алматы облысындағы ауданға блок-бекет қойылды

Алматы облысының Көксу ауданына блок бекет қойылды, деп хабарлайды Inform.kz.

2021 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша Алматы облысының Көксу ауданында сәуір айында коронавирус инфекциясының 128 жағдайы тіркелді (наурызда – 85). Көксу ауданы бойынша КВИ жағдайының өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,6%-дан (29.03-04.04) 2,2% - ға (04.04 -11.04) дейін ұлғайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 12 жағдайы тіркелді, өсім қарқыны 1,9% -ды құрады. Көксу ауданының короновирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның аудандық штабының шешімімен және Көксу ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі №54 қаулысы негізінде ауылдық округтерге шығу/кіру жолында таңғы сағат 8-ден кешкі 20:00-ге дейін 9 блок бекет орнатылған», – делінген Алматы облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Блок бекеттердің жұмысына аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылған.