Еміне көмек сұраған тұрғынның мәселесі шешілді
Еміне көмек сұраған тұрғынның мәселесі шешілді
174
оқылды
Шонжы ауылы Табылғанов көшесі № 50 үй тұрғыны Шарапатхан Қабаеваның немересі бүйрек ауруына байланысты бірнеше мәрте Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында  емделіп, ота жасалған. Өзінің де денсаулығы сыр беріп жүр. Осыған байланысты ол «Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Ұйғыр аудандық филиалына көмек сұрап келді. Осыдан кейін тиісті шаралар қабылданып,  Ш.Қабаеваның  өтінішін қарастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен азаматшаны жеке қабылдау ұйымдастырылды. Жоғарыда көрсетілген мәселені «Nur Otan» партиясы Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Мұқажанұлы тікелей бақылауына алды. Аудандық мәслихат депутаттары  азаматшаның өтінішіне сәйкес, 100 000 теңге қаржылай сертификат табыстады.