Қытай тұрғыны Сю Фэнг әжей 95 жасында қайтыс болған. Ол аяқасты басынан жарақат алып, біраз уақыт есінен танып қалған. Оның жерде сұлқ жатқан денесін көршісі Цин Ванг байқаған.
- Оны ары-бері жұлқылап, оятып едім. Әжей тырп етпеді. Қорыққанымнан, демін бақыладым. Бірақ сыр бермеді. Алайда оның денесі әлі жылылығын жоғалтпаған еді, - дейді Цин Ванг.
Сөйтіп, әжейді өлдіге санаған ұлы мен көршісі жерлеуге қатысты барлық рәсімді жасап, оны жерлемекші болған. Қытайдың салты бойынша өлген адамның мәйіті табытқа жатқызылған соң, бірнеше күн беті жабылмайды. Ал әжейдің ұлы болса, онымен жақындары қоштасып алсын деген ниетпен мәйіттің бетін жерлегенге дейін ашық қалдырған.
Қызығы, дәл сол күні табыт бос болып шыққан. Содан жақындары мәйітті жан-жақтан іздей бастаған. Сөйтсе, әжей өз үйінің ас үйінде тамақ ішіп отырған жерінен табылған. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, жасанды өлім кезінде адамның тыныс алуы жоғалса да тірі болады екен.
Қарт әжей Гуангси провинциясына қарасты үйінде жалғыз өзі тұрған.