Көшенің қақ ортасында көлік жарылды – видео

Көшенің қақ ортасында көлік жарылды – видео

«Лада» басылымының хабарлауынша, өрт 12 сәуірде №34 ықшамауданында «Аяулы ана» тұрғын үй кешенінің маңайында болған. Әуел баста көлік өртене бастаған, содан кейін газ баллоны жарылған.

Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назарәлі Сәлімов айтып берді.   https://youtu.be/mEZ9eXFjevQ Оның айтуынша, Daewoo Nexia көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар департаментке 12 сәуірде сағат 23:28-де түскен. Автокөлік жанып, құтқарушылар келгенше 65 литрлік газ баллоны жарылған. Өртті сағат 23:45-те сөндірді.