Қазақстаннан қандай мамандар кетіп жатыр?
Қазақстаннан қандай мамандар кетіп жатыр?
348
оқылды
2020 жылы Қазақстаннан 29,1 мың адам кетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 35,6%-ға аз. 2014 жылдан 2019 жылға дейін елден кеткендердің саны тұрақты өскен еді.  Ranking.kz жариялаған мәлімет бойынша, елге келгендердің саны азайды, 2020 жылы 11,4 мың адам келген. Бұл өткен жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,6%-ға аз. 2020 жылы елден 15,6 мың маман кеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда үштен бірге аз, келген мамандар саны - 4,4 мың адам, 2019 жылдың қаңтар — желтоқсанына қарағанда 7% аз. 2020 жылы Қазақстаннан кеткен маманның көбі техникалық мамандық бойынша жұмыс істеген (4,5 мың адам), одан кейін экономистер (2,3 мың адам) және педагогтар (1,5 мың адам). Бұл ретте елге 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында техникалық мамандар (834 адам) мен экономистер (431 адам) 5,4 есе, педагогтар (366 адам) 4 есе аз келді. Кеткендер мен келгендердің арасындағы айтарлықтай айырмашылық заңгер (4,7 есе) және сәулетші-құрылысшы (4,4 есе) сияқты мамандықтар бойынша да байқалды.  width= Өңірлік бөліністе Қарағанды облысынан көп маман кеткен - 2,3 мың адам, онда келген білікті кадрлар 13,4 есе аз. Одан кейін Шығыс Қазақстан (2 мың адам) мен Қостанай (2 мың адам) облыстарынан білікті кадрлар кеткен. Қазақстанның үш өңірінде жағдай керісінше, яғни келген мамандар саны кеткендер санынан асып түседі: Маңғыстау облысында (6,5 есе), ал Шымкент пен Түркістан облысында (2 есе).  width=