Матраста жатқан қызға қандай жаза қолданылатыны белгілі болды
Матраста жатқан қызға қандай жаза қолданылатыны белгілі болды
146
оқылды

Қайыңды көлінде видео түсіргендерге айыппұл салынуы мүмкін.

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыздың видеосы әлеуметтік желіге тарады.  Әлеуметтік желі қолданушылары бұған  наразылық білдірді.

Полицейлер видеоны түсіргендерге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің "Жеке адамдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу тәртібін бұзу", яғни 380-бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырды.

Енді  видеотүсірілім жасағандарға  ескерту немесе 2 АЕК (5,834 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.