Екі жасар қызымен бірге жоғалып кеткен жүкті келіншек табылмай жатыр
Екі жасар қызымен бірге жоғалып кеткен жүкті келіншек табылмай жатыр
171
оқылды

Алматыда бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған анасы мен қызы табылмай жатыр. 9 сәуірде үйінен дүкенге шыққан Сәния Түсеева мен оның екі жасар қызы Самира сол күйі оралмаған. Кішкентай қызын ерткен келіншекті еріктілер тобы мен тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Ерікті Ислам Угушев: «Телефоны әлі күнге дейін өшірулі. Қаланың түкпір-түкпірінен іздестіріп жатырмыз. Әйелді біз жақсы танимыз. Сондықтан барымызды салып, күні-түні іздейміз. Ол шаһардың сыртына шықпады деп ойлаймыз. Себебі, әлеуметтік желіде «Сәнияға қатты ұқсайтын әйелді көрдік» деген хаттар көп келіп жатыр. Жоғалған әйел мен оның қызын көрген-білген адам болса, хабар беруін сұраймыз», – дейді. 26 жастағы әйелді соңғы рет Сәтпаев пен Достық көшелерінің қиылысында көргендер бар. Еріктілер мен келіншектің туыстары табылып қалар деп үмітеніп отыр. Жоғалған жүкті келіншектің құрсағында сегіз айлық сәбиі бар. Ал Сәния Түсееваның күйеуі үйден безетіндей «арамызда жанжал болмады» деп сендірді. Қазір келіншектің жақындары да қол қусырып отырмай, жан-жаққа сұрау салып жатыр. Полицейлер де атсалысуда.

Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Сәния Түсееваның із-түзсіз жоғалғаны туралы мәлімет күні кеше  жарынан келіп түсті. Қазір іздестіру ісі қозғалып, арнайы тергеу тобы құрылды. Қолындай кішкентай баласы бар әйелдің аман-есен табылуына бар күшімізді жұмсап отырмыз. Іздестіру шаралары жалғасуда», – деді.

Бұған дейін Алматыда жоғалған 19 жастағы студент қыз жоғалып, бөлшектелген денесі табылғаны туралы жазған болатынбыз.