ШҚО-да құтқарушылар жоғалып кеткен балықшының денесін тапты

ШҚО-да құтқарушылар жоғалып кеткен балықшының денесін тапты

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары Тарбағатай ауданында суға батып кеткен балықшылардың бірінің денесін тапты.

«16 сәуірде облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеу жұмысын қайта бастап, Қара Ертіс өзеніндегі Кендірлік учаскесі маңында 40 жастағы суға батып кеткен балықшының бірінің денесін тапты. Қайықпен іздегендер балықшының өлі денесін оқиға орнынан 30 шақырым жерден тапты»,–  делінген хабарламада.
Қайғылы оқиға 2020 жылдың 20 қараша айында болған. Екі ер адам балық аулауға кетіп үйге оралмаған. Құтқарушылар оларды 26 күн ішінде 6-9 метрге дейін тереңге 145 сүңгіп су астынан іздеді. Іздеу жұмысы 16,291 шаршы шақырымдай жерде жүргізілді, алайда, нәтиже болмаған.