Қазақстанда ең аз жалақы алатын өңірлер анықталды: қай өңірде халық табысы азайып жатыр?
Қазақстанда ең аз жалақы алатын өңірлер анықталды: қай өңірде халық табысы азайып жатыр?
365
оқылды

Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2020 жылдың төртінші тоқсанында 125,4 мың теңге болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға артық.

Ranking.kz Қазақстан өңірлеріндегі тұрғындардың орташа жалақысын есептеді. Ең аз жалақыны Түркістан облысының тұрғындары алатыны белгілі болды. Онда жан басына шаққандағы орташа атаулы табыс көлемі - 65,9 мың теңге. Ал ең көп жалақыны Атырау облысының тұрғындары алады. Онда жан басына шаққандағы орташа атаулы табыс - 230,2 мың теңге. 2020 жылдың төртінші тоқсанында Атырау облысындағы орташа атаулы табыс екі пайызға азайса, Түркістан облысында 7,4 пайызға артқан. Халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы Шымкентте (-3,3 пайыз) және Батыс Қазақстан облысында (-5,1 пайыз) азайған. Одан басқа, жан басына шаққанда ең жоғары атаулы табыс Нұр-Сұлтанда (192,9 мың теңге) және Алматыда (185 мың теңге) тіркелген. жалақы, Қазақстан Биыл ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 122,4 мың теңге болды. Бұл 2020 жылғы ақпанмен салыстырғанда 11 пайызға артық және 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда тек 0,1 пайызға артқан.