Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нұрпейісов Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды» делінген хабарламада.
Қайрат Айтмұхамбетұлы 1957 жылғы 21 қыркүйекте Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында дүниеге келді.
[caption id="attachment_129557" align="aligncenter" width="799"] Фото: inform.kz[/caption]
Павлодар педагогикалық институты мен Алматы Халық шаруашылығы институтын математика және экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Павлодар стансасының локомотив депосында слесарь болып бастаған.
1982-1988 жылдары Павлодар облысының қаржы және салық органдарында жұмыс істеп, бас экономистен Павлодар облысының салық комитетінің төрағасына дейін көтерілді.
1998-2002 жылдары энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Мемлекеттік кіріс вице-министрі қызметтерін атқарды.
2003 жылдан бастап Павлодар қаласының әкімі болды.
2008 жылдың қазанынан Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2009 жылдың тамызынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.
2012-2013 жылдары Парламент Сенатының аппарат басшысы.
2013 жылғы қыркүйек айынан бастап Парламенттегі Президент өкілдігінің басшысы болды.
2019 жылы 26 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі болып тағайындалған еді.