- 18 жасқа дейінгі балаларға;
- жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге;
- ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға;
- 18 жасқа толмаған және 65 жастан асқандарға вакцина салынбайды.
- екі аптадан бері ЖРВИ белгілері бар адамдар
- бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары;
- эндокриндік жүйенің бұзылуы (қант диабеті);
- қан түзілімі жүйесінің аурулары;
- эпилепсия, инсульт және басқа да орталық жүйке жүйесінің аурулары;
- аутоиммунды аурулар, демікпе;
- жүрек-қан тамыр аурулары;
- иммун тапшылығы;
- өкпе аурулары, демікпе және өкпенің обструктивті аурулары;
- метаболиттік синдром мен диабет, аллергиялық реакциялар, атопия мен экзема;
- қатерлі аурулар, соның ішінде қан аурулары.
Отбасы дәрігері Гүлдәурен Алтынбекованың айтуынша, вакцина алмаған азаматтар коронавирустан қорғанып жүруі керек. Яғни, көпшілік жиналған жерге бармауға, ауру белгісі бар адамдармен байланыспауға кеңес береді. Денсаулық жағдайына байланысты вакцина алмаған азаматтар үнемі дәрігердің бақылауында болғаны жөн.