Қарағандыда әкімдік терезесінен ер адам құлап кетіп, көз жұмды

Қарағандыда әкімдік терезесінен ер адам құлап кетіп, көз жұмды

Қарағанды қаласы әкімдігі ғимаратының 4-қабатында орналасқан терезеден 37 жастағы ер адам құлап кетті. Оқиға Қарағанды қалалық әкімдігінің ғимаратында болған. 19 сәуірде 37 жастағы ер адам 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бүгінгі таңда полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізуде.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жағдай анықталуда», - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.