Алматыдағы мектеп оқушысы әлемнің 4 жетекші университетінен шақырту алды
Алматыдағы мектеп оқушысы әлемнің 4 жетекші университетінен шақырту алды
436
оқылды
Алматыдағы мектеп оқушысы әлемнің 4 жетекші университетінен шақырту алды. Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Қанатбек әлемнің төрт жетекші университетінен шақырту алды: Фордем университеті, Дрексель университеті, Гонконг баптист университеті және Британ Колумбия университеті. Мұхаммед-Әли қазір физика-математика бағытында білім алып жатыр. Ол Британдық Колумбия университетінің Karen McKellin International Leaders of Tomorrow (KMILOT) Award толық стипендиясының 33 иегерінің бірі болды. Мықты профессорлық құрам, жұмысқа орналасу деңгейі және жеке жобаларды дамыту әлеуеті жоғары. Мұның барлығы Британ Колумбия университетіне қатысты еді. Сондықтан зияткер дәл осы университетте оқуға шешім қабылдады. Оқу қыркүйек айында оффлайн форматта басталады.
– Оканагандағы кампуста оқимын деген шешімге келдім. Себебі таңдауым «Бизнес және менеджмент» мамандығына түсті. Сонымен қатар профессорлармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Оқуға түсуде кәсіптік бағдар беруші Бағжан Бердібай үлкен рөл атқарды, сол үшін алғысым шексіз, – дейді Мұхаммед-Әли.

Мұхаммед-Әлидің бұдан өзге де жетістіктері аз емес. Ол 2019 жылы Гарвард математикалық олимпиадасында (HMMT) қазақстандықтар арасында бірінші орынды жеңіп алды, Oracle Kazakhstan-да тағылымдамадан өтті, 2000+ адамға арналған өзінің Халықаралық бизнес инкубаторы бар. Мектептен тыс бірнеше тағылымдамадан өткен және бизнес саласында бірнеше жобаның иесі.