«Жанында 55 жастағы ер адам болды» – жоғалған кішкентай қыз қараусыз қалған үйден табылды
«Жанында 55 жастағы ер адам болды» – жоғалған кішкентай қыз қараусыз қалған үйден табылды
188
оқылды

Қарағанды облысында 26 сәуірде кешке қарай аулада ойнап жүрген кішкентай қыз ізім-ғайым жоғалып кеткен. Полицияға оның жоғалғаны туралы анасы хабарлаған.

«26 сәуірде сағат 22.26-да Қаражал қалалық полициясына 30 жастағы тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірді. Полицейлер іздестіру нәтижесінде, қараусыз қалған үйден 55 жастағы қала тұрғыны мен оның жанынан кішкентай қызды тапты», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің өкілі.

Ер адам қамауға алынды. «Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді полицейлер.

Бұған дейін Сәтбаев қаласындағы педофил туралы жазған болатынбыз.