Жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты
Жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты
158
оқылды

Оқыс оқиға бүгін 09:30-дар шамасында болған. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 27 сәуірде сағат 09:30-да болған.

«№74 бағыттағы «Лиаз» маркалы автобусының жүргізуші Бекмаханов көшесімен батыс бағытта келе жатып, теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», – дейді Алматы қаласы ДП тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Жол апатының себебін Түрксіб аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.