Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы "Этносаясат" мамандығы ашылады
Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы "Этносаясат" мамандығы ашылады
461
оқылды

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Орталық Азия бойынша  алғашқы «Этносаясат» магистранттарын даярлайтын екі жылдық білім беру бағдарламасының ашылу рәсімі өтеді.

Бағдарламаны қазіргі заманның болмысын, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың  конституциялық қағидаттарын білім беру саласына енгізу мақсатында Саясаттану кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы бірігіп дайындады.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының тәжірибесінде мұндай білім беру бағдарламалары бұрын-соңды іске асырылмаған, дегенмен шетелдік тәжірибе этносаясат бойынша білім беру бағдарламаларына әртүрлі инновациялық тәсілдерді кеңінен қолданады.

 Білім беру бағдарламасы негізінен этникалық топтар, ұлт сияқты қоғамдастықтардың саяси субъективтілігін зерттейтін саясаттану саласы ретінде ғана емес, этникалық қатынастар, ұлтты қалыптастыру және шоғырландыру саласындағы мемлекеттік саясат ретінде қарастырады.

 Білім беру бағдарламасын дайындауда кадрларды даярлау басты назарға алынған. Сондықтан барлығы бағдарлама кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленіп, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңбері аясында ұйымдастырылып отыр.