Штаб отырысын өткізді
Штаб отырысын өткізді
176
оқылды

Премьер-Министр Ас­қар Мамин «Nur Otan» пар­тия­сының сайлауал­ды бағ­дар­ламасының Жол кар­та­сын іске асыру жө­нін­­дегі штаб оты­рысын өт­кізді.

Жиында зейнетақы мен жәр­­демақы тағайындау про­цестерін цифрландыру, мүм­кіндігі шек­теулі балаларға арналған оңалту орталық­тарының санын арттыру, сон­дай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүм­кін­діктері шектеулі азамат­тарға, жетім балаларға арнап тұр­ғын үй салу мәселелері қа­ралды. Өз кезегінде Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Серік Шәпке­нов «Nur Otan» партиясының сайлауал­ды бағдарламасын іске асыру ая­сында 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде зейнетақы мен жәрдемақы та­ғайындауға қатысты мемле­кеттік қызметтер 100% цифр­­ландырылатынын атап өтті. Қазір әлеуметтік-еңбек са­ла­сында 44 қызмет түрі қарас­ты­рыл­ған, оның 40-ы 2020 жылы электрондық форматқа ауыс­тырылды. 24 мемлекеттік қызмет зей­нетақы мен жәр­демақы та­ғайын­даумен және төлеумен бай­ланысты, оның ішінде 22 қызмет элек­трондық түрде, 12 (50%) қызмет алу­шы­ның өтінішінсіз, проак­тивті түрде көрсетіледі. Қазақстанда 12,3 мың мүм­кіндігі шек­теулі бала оңалтуды қажет етеді, олардың 47%-ы қа­зіргі уақытта 38 оңалту орта­лығы­ның қызметтерімен қам­тылған. Оңалту қыз­меттерінің тапшы­лығы Қазақстанның 11 өңірінде байқалады. «Nur Otan» партия­сы­ның сайлауал­ды бағдарла­масында 2025 жылға дейін елімізде мүге­дектігі бар балаларға ар­­налған қосымша 15 оңалту орта­­лығын ашу міндеті қойыл­ған. Пар­тияның сай­лауалды бағдарла­ма­сының жол карта­сының осы тармағын орындау жөніндегі жұмыстар туралы Ақмола облы­сының әкімі Ермек Маржықпаев, Қарағанды облы­­сының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баян­дады. Индустрия және инфра­құры­лымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, сондай-ақ «Бәй­терек» ҰБХ» АҚ басқарма төра­ғасы Айдар Әріпханов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнін­дегі жол кар­тасына сәйкес, 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр тұр­ғын үйді (977 мың тұрғын үй) пай­далануға беру жоспар­лан­ғанын айтты. Биыл тұрғын үйді пайда­лануға беру көр­сеткіші 17 млн шаршы метрге дейін ұлғайды. Демек, 163 мыңнан астам отбасы, оның ішін­де халықтың әлеуметтік осал топ­тары жаңа баспана алуы тиіс. Осы жыл­дың I тоқ­санында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы аясында Қазақстанда 2,87 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 2020 жылдың сәй­кес кезеңіндегіден 8,6%-ға ар­тық.  

А.ЖАСАНҰЛЫ