Nur Otan: депутаттар ауыл тұрғындарының талабын орындап жатыр
Nur Otan: депутаттар ауыл тұрғындарының талабын орындап жатыр
252
оқылды

Бұл туралы Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылы өңірлік сайлауалды бағдарлама 20,4%-ға, 2022 жылы – 40,7%-ға, 2023 жылы – 61,3%-ға, 2024 жылы – 81%-ға және 2025 жылы толығымен іске асырылады. Сонымен бірге, депутаттардың да жауапкершілігі күшейтіліп, олардың белсенділігі арта түсті. Бұл ретте Түркістан облысы, Сайрам ауданының депутаттары да игі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Мәселен, Nur Otan партиясы «Ақсукент» бастауыш партия ұйымының мүшесі, Сайрам аудандық  мәслихатының депутаты  Акмалжан  Исаков  Ақсукент ауылында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 10 отбасына азық-түлік  таратты.    width= Сонымен бірге, жалғызбасты ана, Ақсукент ауылының тұрғыны,  ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғынға нақты көмек көрсетті. Депутат өзінің қаражатына жылу жүйесін, газ колонкасы мен жылыту қазандығын орнатып беріп, ардақты ананың алғысын алды. Сайрам ауданындағы «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ауданда игі іс атқарылды. Жібек жолы ауылдық округінде аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшелері Г.Нұртанова, жеке кәсіпкерлер – Ж.Еспенбетов, Р.Утешов, Т.Айтбаев, И.Анарметов, М.Урумбековтардың  демеушілігімен аз қамтылған, көпбалалы, мүгедек бала асырап отырған жалпы 40 отбасына «Ауызашар қоржыны» таратылды. Түркістан облысы, Келес аудандық мәслихатының депутаттары да игі істерімен дараланып жүр. Қоғамдық қабылдауға келген ел тілегін ескеріп, қайырымдылықты қолға алған. Мәселен, жас депутат Диас Әбдиев Біртілек ауылдық округі орталығындағы Береке көшесін жөндеу (шағыл тас төсеу, жобалау, сыру, ретке келтіру) жұмыстарына демеушілік жасады. Енді тас төселіп, ретке келтірілген көшелер тұрғындардың жүріп тұруына ыңғайлы болмақ. Сонымен бірге келестік фракция мүшесі  Мұхтар Амангелдіұлы Рамазан айының құрметіне 100 отбасына азық-түлік таратқаны да хабарланған болатын. Түркістан облысының тұрғындары тек мемлекеттік бюджет арқылы атқарылатын жұмыстарды қадағалап қана қоймай, өз демеушіліктері есебінен де игі іс атқарып жүрген халық қалаулыларына ризашылықтарын білдіріп жатыр. Еске сала кетейік, Түркістан облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға Nur Otan партиясы фракциясынан 263 депутат сайланған. Оның 37-сі – облыстық мәслихат депутаты. 2021 жылдың 1 тоқсанында Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 410 жеке қабылдау өткізіп, 1139 тұрғынның өтініші мен талап-тілегін қабылдап үлгерді.