Солтүстік Қазақстанда қатты аяз болып, қар жауады
Солтүстік Қазақстанда қатты аяз болып, қар жауады
Фото: Айтжан Мұрзанов
785
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстан аумағына антициклон әсер етеді. Сондықтан оңтүстік, батыс және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Шығыс пен орталығына циклон әсері болғандықтан, атмосфералық ауа ағыны өтуіне байланысты қар жауады. Кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Түнде жел 15-20 м/с, кей жерлерде жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын болады деп күтілуде. Түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кейбір жерлеріне тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.