Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 16 адам қаза тапты
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 16 адам қаза тапты
228
оқылды

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, қырғыз-тәжік шекарасында болған қақтығыс салдарынан 134 адам жарақаттанып, 13 адам қаза тапты, арасында кішкентай бала бар, - деп хабарлады 24.kg.

Жараланған 25 адам Баткен облысынан Бішкекке арнайы бортпен жеткізілді. Олар қала ауруханаларына жатқызылды. Екі науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Сонымен қатар Тәжікстан тарапынан тағы үш адам қаза тапқан. Мұнда жараланғандар саны 31-ге жетті. Олардың арасында Исфара қаласының мэрі де бар. Еске салайық, екі елдің шекарасындағы қақтығыс 28 сәуірде басталған еді. Тәжікстанның шекарашылары қырғыздар су алатын «Головной» (Кок-Таш айылы, Баткен облысы) пунктіне бейнебақылау камерасын орнатқаннан кейін тұрғындар оны алып тастауын талап еткен. Талап орындалмағаннан кейін екі жақ алдымен таспен, кейін қарумен атыса бастаған.