Видеода Шелек ауылының маңында жолдың бетон қабаты көтеріліп, жарық пайда болғаны айтылады. Жарық үлкен болмаса да, қауіпті.
ҚазАвтоЖол-дың баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше ауа температурасы күрт жоғарылағандықтан, цемент-бетон жабыны кеңейіп, жарық пайда болған.
«Учаскеде жылдамдықтың шектелуі туралы уақытша жол белгілері қойылды. Алматы облысы жол полициясы ӘПБ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Арнайы комиссия құрылды. Тасжол қайта қалпына келтіріледі», – ҚазАвтоЖол өкілі.