Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шиеленісіп барады
Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шиеленісіп барады
196
оқылды
Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдай шиеленісе түсті, – деп хабарлайды  24.kg. Қырғыз Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысының Арқа жерінде тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының үйіне оқ жаудырған. Ауыл тұрғындары эвакуацияланған болатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты ҰҚК ШҚ шекара бөлімшелері қорғаныс позициясын ұстанып отыр. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 1 мамырда қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде Интернационал ауылынан тағы екі адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, оларға оқ тиген.
"Сот сарапшылары өлімнің уақыты мен нақты себебін анықтайды", – деді Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиев.
Мәліметтер бойынша, тағы бір имам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Жалпы, қақтығыс кезінде қанша адам зардап шеккені белгісіз.
"Қазір біз шекарада, Кулунда ауылындамыз, медициналық көмек көрсетіп жатырмыз. Аурухана шекарада. Біз оны жауып, СМО-ға ауыстырдық. Зардап шеккендер туралы барлық дерек штабқа жіберіледі", - деді министр.