«27 жылдан соң көзім жетті» – Билл Гейтс әйелі Мелиндамен ажырасатыны туралы айтты
«27 жылдан соң көзім жетті» – Билл Гейтс әйелі Мелиндамен ажырасатыны туралы айтты
260
оқылды

27 жыл отасқан екеуінің ажырасатыны туралы bbc.com жазды.

Билл Гейтс Twitter-дегі парақшасында: «Көптен бері ойланып-толғанып ажырасу туралы шешімге келдім. Біз 27 жыл бірге, бір шаңырақ астында үш баламызды өсірдік. Қайырымдылық қорымызды құрып, адамзатқа көмектестік. Ажырасқаннан кейін де игі істер жалғасын табады. Бірақ енді ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүре алмайтынымызға көзім жетті», – деп жазды.

[caption id="attachment_134116" align="aligncenter" width="871"] width= Фото: Билл Гейтс Twitter-дегі парақшасынан скриншот[/caption] Билл Гейтс әйелі Мелиндамен 1980 жылдары танысқан. [caption id="attachment_134121" align="aligncenter" width="1200"]Билл Гейтс, Мелинда Фото: www.llimpressions.com[/caption] 2000 жылдары әйелі екеуі қайырымдылық қорын құрған. Forbes-тің дерегінше, Билл Гейтс Жер шарындағы ең бай төрт адамның бірі.

Бұған дейін Билл Гейтс адамзатты жаңа пандемияларға дайын болуға шақырған еді.