Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы үйінде қайтыс болды
Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы үйінде қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
444
оқылды
Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші пилоты қайтыс болды, – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. Ресми мәлімет бойынша ер адам үйінде қайтыс болған. Ауруханадан таяуда үйіне шығарылған.
Алайда нақты оқиғаның мән-жайы анық айтылмай отыр. 5 қаңтарда екінші пилоттың ес жиғаны және жансақтау бөлімінен профиль бөліміне ауыстырылғаны айтылған еді.
Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған. Ұшақ Алматы әуежайына жақын жерде үйге соғылған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан жалпы 13 адам қаза тапты.