Арслан Дәндібаев 1975 жылы дүниеге келген. Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік университетті «Халықаралық қатынастар маманы, референт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол мерейтойлық медальдар мен Құрмет грамотасының иегері.
Еңбек жолы:
1997-1999 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы, атташесі.
1999-2002 жылдары – ҚР Стамбул қаласындағы Консулдығының атташесі.
2002-2003 жылдары – ҚР Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, Анкара қаласы.
2003-2005 жылдары – ҚР Амстердам қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы.
2005 жылы – ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Гаага қаласы.
2005-2006 жылдары – ҚР Түркия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Анкара қаласы.
2006 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің бастығы.
2006-2009 жылдары – ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
2009-2012 жылдары – ҚР Стамбул қаласындағы Бас консулдығының кеңесшісі.
2012-2014 жылдары – ҚР Стамбул қаласындағы Бас консулы.
2014-2017 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы.
2017 жылы – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Протокол қызметінің басшысы.
2017-2018 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы.
2018-2019 жылдары – ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары.
2019 жылы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының басшысы.