Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазынаның» барлық кәсіпорны қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты
Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазынаның»  барлық кәсіпорны қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты
447
оқылды
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлады elbasy.kz. Кездесу барысында Қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. А.Есімовтің мәліметі бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 пайызға артып, 1,1 трлн теңгеден асты.