Қытайдан келетін ауылшаруашылық өнімдерінің импортын тоқтатты
Қытайдан келетін ауылшаруашылық өнімдерінің импортын тоқтатты
Фото: Интернеттен алынды
377
оқылды
Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты ет тасымалдауға шектеу қойылған еді, – деп жазады 24.kz. Дереккөздің жазуынша, 23 қаңтарда Қырғызстан билігі Қытаймен арадағы шекарасын толық жауып тастады. Коронавирустың тез таралуына байланысты 24 қаңтарда Қытайдан ет жеткізуге тыйым салынды. Негізі жыл сайын мұнда 20 мың тоннаға дейін сиыр, доңыз және құс еті импортталады екен.
Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев: «23 қаңтарда Қытаймен арадағы Торугарт-Иркештам шекаралық бекеті толық жабылған болатын. Бастапқыда бұл шешім көрші елдің жаңа жылды тойлауымен байланысты қабылданды. Алайда індеттің өршуі салдарынан тәртіпті күшейттік. Сөйтіп, ауылшаруашылық өнімдерінің импортын тоқтаттық», – деді.
Биліктің импортты тоқтатуы коронавирустың таралуы тоқтағанша екенін айта кеткен жөн. Айта кетейік, коронавирустың Қырғызстанға таралуын болдырмау бойынша шұғыл жұмыстарды арнайы құрылған үкіметтік штаб бақылайды. Сыртқы шекараның барлығында санитарлық-карантиндік бекеттер құрылған. Қытайдан Қырғызстанға келетін әуе рейстері уақытша тоқтатылды.