«Мұрын мен таңдай шіриді» – Үндістанда тағы бір ауру жаппай тарап жатыр
«Мұрын мен таңдай шіриді» – Үндістанда тағы бір ауру жаппай тарап жатыр
266
оқылды

Коронавирус өршіп тұрған Үндістанда мукормикозға шалдыққандар саны да күннен-күнге көбейіп барады. Бұл туралы 24.kz жазды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл дертке коронавирустан емделгендердің шалдығуы жиілеген. Ауру адамның мұрны мен таңдайын шірітіп, безгек тудырады. Мукормикоз көбінесе иммунитеті әлсіреп, қан құрамы қоюланған немесе қант диабетіне шалдыққан адамдарда кездеседі.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанға гуманитарлық көмек жіберілетінін айтқан болатын.