Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Қарағанды облыстарында найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында жел 15- 20 м/с жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облысында найзағай ойнап, түнде Маңғыстау облысында жел 15- 20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы, Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жел 15- 20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, ауа райы құбылып, бұршақ жаууы ықтимал.
Батыс Қазақстанда дауыл соғады.
Түркістан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, таулы аймағында найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстанда үсік жүреді.
Қызылорда облысында өрт қаупі бар.