Қазандағы мектепте болған атыстан 11 адам қаза тапты
Қазандағы мектепте болған атыстан 11 адам қаза тапты
213
оқылды
Қазан қаласындағы мектепте болған атыс кезінде 11 адам қаза тапты, тағы 10 адам зардап шекті, - деп хабарлады ТАСС агенттігі.
«11 адам қаза тапқан, олардың арасында балалар мен мұғалімдер бар. 10 адам зардап шекті, соның ішінде төртеуі ауруханаға жеткізілді», - деді дереккөз.
Бұл ретте республикалық апаттар медицинасы орталығынан атыстан кейін ауруханаларға 12 бала мен бір ересек адамның жеткізілгенін хабарлады. ТАСС агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі сейсенбі күні Қазандағы № 175 мектепте белгісіз екі адамның оқ жаудыра бастағанын хабарлады. Олардың бірі ұсталды. Қазіргі мәліметке қарағанда, бұл 17 жастағы жасөспірім. Екінші күдікті әлі ғимаратта жүр.